Алматы облысында сел жүруі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында сел жүруі мүмкін © Silcadv.com

Алматы облысындағы тауларда ыстық ауа райынан сел жүруі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы тауларда ыстық ауа райынан сел жүруі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15-20 шілде аралығында аптап ыстық сақталады. Осы күндері Алматы облысында ауа температурасы 40-43 градус болуы мүмкін. Осыған орай, аймақта ескерту жарияланды.

Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында да 43 градус ыстық күтіліп отыр. Қызылорда облысынла 15-17 шілдеде 46 градус ыстық сезіледі.

"Қазгидромет" кәсіпорнының мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы 33-тен 44 градусқа дейін көтеріледі. "Тек солтүстік пен орталықта Еуропалық Ресейдің солтүстік-батысынан ығысқан атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кейбір жерлерде өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Сенбіге қарай күндізгі температура 23-32 градус болады. Ал Қазақстанның батысының кейбір жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және ұйтқыма жел тұрады. Сонымен қатар, ауа температурасы осы мерзімге арналған климаттық нормадан 1-3 градусқа төмен болады", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети