Алматы вокзалында жоғалып кеткен қыз ауруханадан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы вокзалында жоғалып кеткен қыз ауруханадан табылды Айжан Кенжеқараева.

6 қазанда Алматы-1 вокзалында жоғалып кеткен 28 жастағы Айжан Кенжеқараева табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыздың әпкесінің айтуынша, ол қаладағы ауруханалардың бірінен табылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

6 қазанда Алматы-1 вокзалында жоғалып кеткен 28 жастағы Айжан Кенжеқараева табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыздың әпкесінің айтуынша, ол қаладағы ауруханалардың бірінен табылды.

"Біз эпилепсия болғанын білдік. Бей-жай қарамаған адамдар жедел жәрдем шақырып, оны ауруханаға жеткізген. Ол әлі ауруханада ем алып жатыр. Жақында шығады, үйге алып кетеміз. Аман-есен, оны іздестіргендердің барлығына алғыс айтамын", - деді әпкесі Әлия Кенжеқараева.

Еске сала кетейік, осыған дейін үйінен шығып кетіп, ұшты-күйлі жоғалған қыздың іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Қыздың туыстарының айтуынша, 28 жастағы Айжан Кенжеқараеваны соңғы рет Алматыдағы 1-ші теміржол вокзалының маңынан көргендер болған. "Соңғы телефон қоңырауы 6 қазанда сағат 13.00-де болған, телефон түнгі 23.00-ге дейін қосулы болған, одан кейін байланыс үзілген. Содан бері оралмады, біз полицияға хабар бердік", - деген едіі әпкесі Әлия Кенжеқараева.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети