Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда төрт күн бұрын жоғалған қыз әлі табылмай жатыр 10 қазан 2017, 10:24

Алматыда 5 қазанда үйінен шығып кетіп, ұшты-күйлі жоғалған қыз іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Айжан Кенжеқараева. Туыстары жолдаған сурет Айжан Кенжеқараева. Туыстары жолдаған сурет

Алматыда 5 қазанда үйінен шығып кетіп, ұшты-күйлі жоғалған қыз іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың туыстарының айтуынша, 28 жастағы Айжан Кенжеқараеваны соңғы рет Алматыдағы 1-ші теміржол вокзалының маңынан көргендер болған. "Соңғы телефон қоңырауы 6 қазанда сағат 13.00-де болған, телефон түнгі 23.00-ге дейін қосулы болған, одан кейін байланыс үзілген. Содан бері оралмады, біз полицияға хабар бердік", - деді әпкесі Әлия Кенжеқараева.


Айжан Кенжеқараева. Туыстары жолдаған суреттер

Келіншек қою сары күрте, қара шалбар және қоңыр түсті аяқ киім киген. Құжаты, әмияны және сөмкесі болған.

Белгілері: шашы қара, қоңыр көзді, қолында және иегінде тыртығы бар, эпилепсиясы бар. Туыстары қыз жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 87777160201 және 87016744400 немесе 102.


Join Telegram