Алматы-Защита пойызы көпшіліктің сұрауымен күнде қатынайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-Защита пойызы көпшіліктің сұрауымен күнде қатынайтын болды © Tengrinews.kz

"Алматы-2-Защита" пойызы көпшіліктің сұрауымен күнде қатынайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматы-2-Защита" пойызы көпшіліктің сұрауымен күнде қатынайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылдың 29 маусымынан бастап "Алматы-2-Защита" бағыты бойынша жаз маусымында күн сайын (бұрын күнара) қатынайтын жаңа "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызы тағайындалды.

"Сонымен қатар, 2015 жылдың 04 шілдесінен бастап жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін жаз маусымында "Астана-Костанай" бағыты бойынша күнара қатынайтын жаңа "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызы жолға шығады. Қосыша ақпаратты темір жол вокзалдарының анықтамалықтарынан немесе 105 бірегей анықтама қызметінен алуға болады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы-Достық бағытында жаңа пойыздың қатынайтыны хабарланған болатын. Жаз маусымы қарсаңында Алакөл жағалауындағы балалар демалыс лагерлерінің ашылуына орай және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін 2015 жылдың 12-маусымынан бастап № 451/452 "Алматы-2-Достық" бағыты бойынша жүретін жаңа пойыз тағайындалды. Пойыз аптасына үш рет қатынайды және бес купе вагон мен бір ҰВ вагоннан тұрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети