Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматы-Достық бағытында жаңа пойыз қатынайтын болды

02 Маусым 2015, 18:29
0
© railways.kz
© railways.kz

Алматы-Достық бағытында жаңа жүрдек пойыз қатынайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жаз маусымы қарсаңында Алакөл жағалауындағы балалар демалыс лагерлерінің ашылуына орай және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін 2015 жылдың 12-маусымынан бастап № 451/452 "Алматы-2-Достық" бағыты бойынша жүретін жаңа пойыз тағайындалды. Пойыз аптасына үш рет қатынайды және бес купе вагон мен бір ҰВ вагоннан тұрады.

"Сонымен қатар, 2 маусымнан бастап № 483/484 "Астана-Адлер" жолаушылар пойызының қатынайтыны туралы хабарлаймыз. Аталған пойыздың құрамында "Павлодар-Адлер", "Қарағанды-Адлер" және "Қостанай-Адлер" бағыттары бойынша жүретін вагондарды тіркеу көзделген", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жаңа пойыздар жөнінде қосымша ақпаратты темір жол вокзалдарының анықтамалықтарынан немесе 105 бірегей анықтама қызметінен алуға болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай