Алматыда алып қашу құрбаны болып, апатқа түскен қыз ота жасату үшін қалалық ауруханаға ауыстырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда алып қашу құрбаны болып, апатқа түскен қыз ота жасату үшін қалалық ауруханаға ауыстырылады Әлия Ошақбаева © facebook.com

Алматы - Көкпек - Көктал тас жолында болған жантүршігерлік жол апатында зардап шеккен 22 жастағы Әлия Ошақбаева қалалық ауруханаға ауыстырылады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Әлияның туыстары хабарлады. Олардың айтуынша, қызға бірнеше ота жасалады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы - Көкпек - Көктал тас жолында болған жантүршігерлік жол апатында зардап шеккен 22 жастағы Әлия Ошақбаева қалалық ауруханаға ауыстырылады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Әлияның туыстары хабарлады. Олардың айтуынша, қызға бірнеше ота жасалады.

"Біз ем алу үшін өтініш қалдырдық. Екі-үш күнде Әлияны Алматыдағы қалалық №4 ауруханаға ауыстырамыз. Дәрігерлер онда емдеуге келісті. Дүйсенбіге дейін ол Есік аудандық ауруханада жатады. Себебі дәрігерлер оған әзірше қимылдауға болмайтынын айтты. Ал дүйсенбі күні оны қалалық ауруханаға ауыстырады", - деді Әлияның туысы Аркен Махмұт.

Әлияның туған бауырының айтуынша, Әлияның денесінің сол жақ бөлігі зақымданған. "Сынған жамбас сүйектеріне, сол қолы мен аяғына, сынған төрт қабырғасына ота жасату керек", - деді Әлижан Ошақбаев. Айта кетейік, Әлия Ошақбаеваны қазіргі уақытта жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды.

Сонымен қатар, қаза тапқан төрт жас жігіттің Алматы облысындағы Маловодный ауылында жерленгені белгілі болды.

Еске салайық, 7 тамыздан 8 тамызға қараған түні Алматыдағы Алматы - Көкпек - Көктал тас жолында жол апаты болған еді. Болған жол апатынан көліктің ішіндегі төрт жігіт қаза тауып, тек қыз аман қалған. Зардап шеккен 22 жастағы Әлия Ошақбаева Есік қаласының орталық аудандық ауруханасында әлі күнге дейін ауыр жағдайда жатқаны хабарланған болатын. "Ол есін жиды, сөйлей алады. Бірақ дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Көп қан жоғалтқан, омыртқасына зақым келген", - деген еді қыздың ағасы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети