09 тамыз 2016 18:20

Алматыда қыз алып қашқан төрт жігіт жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Әлия Ошақбаева © facebook.com Әлия Ошақбаева © facebook.com

Алматы облысында 7 тамыздан 8 тамызға қараған түні қызды алып қашпақ болған төрт адам жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында 7 тамыздан 8 тамызға қараған түні қызды алып қашпақ болған төрт адам жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы - Көкпек - Көктал тас жолында болған жантүршігерлік жол апатында зардап шеккен 22 жастағы Әлия Ошақбаева Есік қаласының орталық аудандық ауруханасында әлі күнге дейін ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Әлияның ағасы Аркен Махмұт хабарлады. Оның айтуынша дәрігерлер қыздың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Болған жол апатынан кейін қыздың аяқ-қолы, жамбасы мен омыртқасы сынды. "Ол есін жиды, сөйлей алады. Бірақ дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Көп қан жоғалтқан, омыртқасына зақым келген", - деді қыздың ағасы.

Айта кетейік, Алматы облысының ІІД баспасөз қызметіндегілер азаматтардың қызды алып қашпақ болғандығын растады. 

22 жастағы Әлия Ошақбаева Алматы облысы Ақши ауылында дүниеге келген. Жоғары оқу орнын бітіріп, сәулетші мамандығы бойынша жұмысқа тұрмақ болған. Ағасының айтуынша, оны Алматыда түнгі уақытта алдап далаға шығарып, төрт ер адам көлікке итеріп кіргізген. "Олар Әлияға қоңырау шалып, ауылдан олардың туыстары келді деп, Әлияны далаға шығарған. Сондай-ақ, олар Әлияға қаланы жақсы білмейміз деп айтқан. Оның айтуынша, Алматыдағы Абай - Алтынсарин көшесінен Бірлік ауылына дейін олар қырық минутта жеткен. Сонда жол-көлік оқиғасы болған. Әлияның қолында зорлық белгілері көп. Оны күштеп ұстағаны көрініп тұр", - деді Әлияның ағасы.

Айта кетейік, болған жол апатынан көліктің ішіндегі төрт жігіт қаза тауып, тек қыз аман қалған.

"Оларға қандай шағымымыз болуы мүмкін. Олардың барлығы қаза тапты ғой. Олардың туыстарынан ақша керек жоқ. Біз олардан тек көмек ала аламыз, әрине, егер олар бізге жақсы сынықшыны тауып берсе жақсы болар еді. Қызды аяққа тұрғызу керек. Бізге ақша керек емес. Тек ем керек", - деді Аркен Махмұт.

Еске салайық, 7 тамыздан 8 тамызға қараған түні Алматы облысындағы Алматы - Көкпек - Көктал тас жолында жол апаты болған еді. Жол апаты бойынша тергеу жұмыстары басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети