Алматыда тегін автотұрақшылар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тегін автотұрақшылар пайда болды © Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда тегін автотұрақшылар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тегін автотұрақшылар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жүргізушілердің назарына! Сіздерді "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС-ның арнайы нысан киімдеріне назар аударуыңызды сұраймыз. Қызметкерлердің басты мақсаты - қала бойынша көлік жүргізушілерге тегін көмек көрсетуі", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, қызметкерлердің арнайы белгісі, ұйымның атауы және нысан үстінде "ақысыз" деген тән жазбасы болады екен. "Егер де бөтен нысанымен бақылаушы қызметкерлерін байқасаңыздар сіздерді 109 немесе 380- 05- 16 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, 20 қазанда Алматының көлік тұрағы инфрақұрылымын дамыту мәселесіне қатысты өткен жиында 1 қарашадан бастап тротуарлық типтегі автотұрақтарға ақының төленбейтіндігі жазылған еді. Салық төлеу кезінде заңбұзушылықтардың көптеп болуымен және келісімшарттағы міндеттердің орындалмауынан осындай шешім қабылданған. 

"Бұл тыйымдар сауда орындарындағы, ойын-сауық орталықтары мен әуежай, вокзал және басқа да жер телімдерінде орналасқан автұрақтарға қойылып отыр. Тыйым салу 2016 жылы Алматы қаласындағы Ақылы автотұрақтар жүйесі енгізілгенге дейін қолданылатын болады", - деп жазылған хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети