1 қарашадан бастап алматылықтар жол бойындағы автотұрақтарға ақша төлемейтін болады

24 Қазан 2015, 14:05
0
1 қарашадан бастап алматылықтар жол бойындағы автотұрақтарға ақша төлемейтін болады - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

1 қарашадан бастап алматылықтар жол бойындағы автотұрақтарға ақша төлемейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай шешім 20 қазанда Алматының көлік тұрағы инфрақұрылымын дамыту мәселесіне қатысты өткен жиында қабылданды.

Хабарламада 1 қарашадан бастап тротуарлық типтегі автотұрақтарға ақы төленбейтіндігі жазылған. Салық төлеу кезінде заңбұзушылықтардың көптеп болуымен және келісімшарттағы міндеттердің орындалмауынан осындай шешім қабылданған.

"Бұл тыйымдар сауда орындарындағы, ойын-сауық орталықтары мен әуежай, вокзал және басқа да жер телімдерінде орналасқан автұрақтарға қойылып отыр. Тыйым салу 2016 жылы Алматы қаласындағы Ақылы автотұрақтар жүйесі енгізілгенге дейін қолданылатын болады", - деп жазылған хабарламада.

Қалалық әкімшілікте автотұрақтардағы талаптардың заңғы қайшы екендігі айтылды. Келер жылдың аяғына дейін 109 кезекшілік-диспетчерлік бірыңғай базада байланыс орталығы құрылып, оған қала тұрғындары заңсыз алынған ақша туралы хабарлай алады.

Сонымен қатар, жалға берілген жерлердің мерзімі біткендіктен әрі бұл жер учаскелері мақсатты түрде пайдаланылмағандықтан қайтарып алынады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай