Алматыда тұрмыстық зорлық көргендер қайда арыздана алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұрмыстық зорлық көргендер қайда арыздана алады? Tengrinews.kz мұрағатынан

Алматы полициясы отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы науқан басталғанын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы науқан басталғанын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

Жыл айын 25 қарашада Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні аталып өтеді. Осыған байланысты Алматыда "Әйелдерге қатысты зорлықсыз 16 күн" атты науқан жарияланды. Бұл жылы ол 25 қарашадан 10 желтоқсан аралығында "Бақытты отбасы - бақытты ел" ұранымен өткізіледі. 

"Мұндағы негізгі мақсат әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала мен ананы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлінің нығаюы үшін қолданылатын шаралармен тұрғындарды таныстыру. Науқан аясында студент жастар арасында, түрлі ұйымдар мен кәсіпорындарда ақпараттық-насихат жұмыстарын өткізу жоспарланған. Науқанға қатысатын Алматының дағдарыс орталықтарының сенім телефондары арқылы кеңестік-құқықтық және психологиялық көмек алуға болады", - деп хабарлады ІІД Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зобылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Майя Тоқсанова.

2016 жылдың он айында отбасындағы зорлық-зомбылық дерегі бойынша үш мыңнан аса шағым мен арыз тіркеліп, ол бойынша отбасы-тұрмыстық қатынаста заңға қайшы әрекеті үшін (психологиялық қысым) 550 адам әкімшілік жауапқа тартылды, 2,5 мың құқық бұзушы алдын алу есебіне тіркелді", - делінген полицияның хабарламасында. 

Алматының Жергілікті полиция қызметі зорлық-зомбылық көрген әйелдер арыздана алатын телефон нөмірлерін ұсынды. 

Алматы ӘӘД - 254-45-99, Алмалы ауданы- 254-46-24, Алатау ауданы - 227-55-54, Әуезов ауданы - 298-53-33, Бостандық ауданы - 254-47-32, Жетісу ауданы- 254-49-43, Медеу ауданы - 254-48-16, Түркісіб ауданы - 298-54-25, Наурызбай ауданы- 254- 44 -78.

Дағдарыс орталықтарының телефон нөмірлері: "Родник" - 396-19-38, "Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының кеңесі" - "150". Халықаралық құқық қорғау органы -317-93-07, 302-76-60.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети