Алматыда үсік жүреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда үсік жүреді © Tengrinews.kz

Алматыда дауылды алдын ала ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда дауылды алдын ала ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы облысында 14 қазанда түнгі уақытта жауын-шашын түсуі мүмкін, кей жерлерде сіркіреп жауады. 15 қазанда түнгі уақытта ауа температурасы 1-6 градусқа дейін суытады", - делінген таратылған хабарламада.

Осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында 13-15 қазан аралығында кей жерлерде үсік жүруі мүмкін делінген.

12-13 қазанда түнде Батыс Қазақстан, Атырау, 13 қазанда түнде Маңғыстау, 13-14 қазанда түнде Қызылорда облыстарында ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. 13 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында күн жауында, кей жерлерде таңертең және күндіз қатты жауын болады, таулы аймақтарда жауын соңы қарға ұласуы м.мкін, тұман түседі деп күтілуде. 13-15 қазанда түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүреді деп болжануда.

Айта кетейік, осыған дейін қазан айында ауа райы қандай болатыны айтылған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети