Алматыда Владимир Толоконниковпен қоштасу рәсімі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Владимир Толоконниковпен қоштасу рәсімі өтті

Алматыдағы Лермонтов атындағы орыс академиялық драма театрында белгілі актер Владимир Толоконниковпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Лермонтов атындағы орыс академиялық драма театрында белгілі актер Владимир Толоконниковпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Аңызға айналған актермен қоштасуға жүздеген адам келді, оның ішінде әріптестері, мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері және алматылықтар бар. Сондай-ақ, театрда Толоконников жайлы естелік жазуға болатын кітап қойылған.

"Бұл еліміз үшін орны толмас қаза. Ол өзімен бірге бір дәуірді алып кетті. Актердің шығармашылығын есте сақтап, медет тұту ғана қалды", - деді Лермонтов атындағы театр директорының орынбасары Олег Гостев. Ол театрда аңыз актердің құрметіне орай еске алу кеші өтетінін айтты.

"Өмірдің заңдылығы солай, адамдар келеді, кетеді... оның бар өмірі адамзатқа қызмет көрсетуге арналды. Актерлердің сондай ырымы бар - өмірден сахнада тұрып қол үзгісі келетін. Солай болды, Толоконников түсірілім кезінде қайтыс болды. Өте қарапайым, бірақ сұмдық дарынды кісі еді. Кәсіби әрі адамгершілік құндылықтары Қазақстанның театр ұжымдары мен мәдениетіне тән деп ойлаймын", - деді мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.


© Tengrinews.kz

Владимир Толоконников 75 жасында 16 шілдеде қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети