16 шілде 2017 10:02

Белгілі актер Владимир Толоконников қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Толоконников Владимир Толоконников

Белгілі актер Владимир Толоконников қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі актер Владимир Толоконников қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының өкілдері растады.

Владимир Алексеевич Толоконников 1943 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 1972 жылы Ярослав театр училищесін тәмамдаған. Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі. 1973 жылдан Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері. Осы театр сахнасындағы орыс және шет ел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерге қатысты. Бірқатар киноға түскен ("Иттің жүрегі", "Тоғысқан тағдырлар" телесериалы, т.б.). Бірнеше медальдармен марапатталған. 

Үйленген, екі баласы бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети