"Алматыэлектротранс" басшысы қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматыэлектротранс" басшысы қызметінен кетті Талғат Әбдірахманов. © Роза Есенқұлова

"Алматыэлектротранс" ЖШС басшысы қызметінен кетті, бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне компанияның баспасөз қызметіндегілер растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматыэлектротранс" ЖШС басшысы қызметінен кетті, бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне компанияның баспасөз қызметіндегілер растады.

1 қазанда Алматы әкімінің қаулысы шықты, оған сәйкес "Алматыэлектротранс" ЖШС басқарма төрағасы болып Төреәлі Төлегенов тағайындалды. Сонымен қатар, компанияның бұрынғы басшысының қызметінен өз еркімен кеткені белгілі болды.

Айта кетейік, 21 қыркүйекте Алматыда трамвайдың қатысуымен ірі жол апаты болды, ол "Алматыэлектротранс" ЖШС басқаруында болған еді. Жүргізушісіз қалған трамвай өздігінен жүріп кетіп, Шевченко мен Масанчи көшелерінің қиылысында және Байтұрсынов көшесінің бойынша бірнеше автомобильді соққан. Бір қиылыстың өзінде ол 14 автокөлікті соқты. Куәгерлердің айтуынша, трамвайдың тізгінде ешкім болмаған. Алматыдағы жол апатында жалпы 17 автомобиль бүлінді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети