08 шілде 2020 09:44

Алматы 1895 жылғы температуралық рекордын жаңартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

"Қазгидромет"синоптиктері Нұр-Сұлтан мен Алматыда жарты жылда тіркелген ауа райы рекорды туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Қазгидромет"синоптиктері Нұр-Сұлтан мен Алматыда жарты жылда тіркелген ауа райы рекорды туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

27 маусымда Нұр-Сұлтанда бір күнде түскен жауын-шашынның айлық мөлшері - 39 миллиметр болған. Әдетте елордада бұл көрсеткіш барлық айда 37 миллиметрден аспайды.

"Қазақстан Республикасы гидрометеорологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың жазының бірінші айында елордада 98 миллиметр жауын-шашын түсті, бұл - үш айлық норма. 26 мамыр 2020 жылдың бірінші жартысындағы ең жылы күн болып (36,1 градус) саналады. 2001 жылы дәл осы күні термометр жолақтары 33,8 градусқа көтерілген болатын", - делінген хабарламада.

15 сәуір Алматы үшін соңғы алты айдағы ең жаңбырлы күн болды. Бұл күні бір тәулікте 39 миллиметр жаңбыр жауды.

4 маусымда Алматыда соңғы 125 жылда болмаған температуралық рекорд тіркелді. Осы күні ауа температурасы 34,5 градусқа дейін көтерілді. Бұл 1895 жылғы дәл осы күнмен салыстырғанда екі градусқа жоғары.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети