Алматы әкімдігі әл-Фараби даңғылының бойында неліктен люктердің жоқ екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімдігі әл-Фараби даңғылының бойында неліктен люктердің жоқ екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппаратының мәліметінше, жолдардың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және жөндеу жұмыстарымен айналысу үшін мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша жыл күнтізбесіне орай жолға қарайтын және тазалайтын мекеме анықталады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша "Алматы Тазалық" МҚК мердігер ретінде танылған.
Айтуларынша, жолдарды ретке келтіру барысында қозғалыс бөлігіне және бекет кешендеріне жаңбыр өткізетін люктер қойылады. Мысалы, 2017 жылдың наурыз - маусым айлары аралығында мердігер көлік қозғалысы бөлігінде және бекет кешендерінде 64 люктің жоқтығын анықтаған.
"Блоктар беттеріндегі шойын қақпақтардың ұрлануы салдарынан люктар жоқ болған. Мысалы, осы келеңсіз жайтқа байланысты «Алматы Тазалық» МҚК биылғы жылдың 26 мамырында шара қолдану үшін Бостандық ауданының ішкі істер басқармасына арыз түсірген еді", - делінген хабарламада.
Белгілі учаскелерге жауапты шеберлер әрбір екі күн сайын өздеріне бекітілген аумақтарға тексеру жүргізеді екен. Жаңбыр суларын қабылдайтын люктер жоқ жерге бірден белгі қойылып, басқасымен ауыстырылады. "Жаңбыр суларын қабылдайтын люктарды жөндеу жұмыстары жиі жүргізіледі. Әл-Фараби даңғылының көлік қозғалысы бөлігінде көліктердің үлкен жылдамдықпен жүруі салдарынан апат болған жердегі люк біршама сынған", - дейді әкімдіктегілер.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының ішкі істер департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тексеру шараларын жүргізіп жатыр, барлық сараптамалар жасалып, осы тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша оқиғаға кінәлілер анықталып, нақтылы процестік шешім қабылданады. Сонымен қатар, апатқа ұшырағандарға барлық қажетті көмектер көрсетіледі.
Еске сала кетейік, 16 маусымда Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. Honda көлігі ашық люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылған. Бұл көліктің салонында екі қыз болған. Олар көлікті жол шетіне қойған кезде шеткі сол жақ жолақпен Toyota Camry келе жатқан. Көліктің жүргізушісі бұзылып тұрған автомобильді көріп, тоқтауды ойлаған. Алайда орта жолақта келе жатқан автобус оны соғып, Toyota Camry тоқтап тұрған Honda көлігін соққан. Осы уақытта екі көліктің ортасында қалып қойған екі қыз қысылып қалған. Дәрігерлер қыздың аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта зардап шеккен екі қыз да ауруханада ауыр халде жатыр.