Құрылысшылар жауып тастаған құрылыс нысанының бас мердігері дүйсенбіге дейін қарызды өтейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрылысшылар жауып тастаған құрылыс нысанының бас мердігері дүйсенбіге дейін қарызды өтейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, "Ақтілек Құрылыс Компаниясы-2016" ЖШС жұмысшылары осы жылдың наурыз және сәуір айларында жалақыларын алмағандықтан жолды жауып тастаған.
"Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасындағылардың айтуынша, "Exclusive Constraction" ЖШС-ның бас мердігері қосалқы мердігерлік ұйымға атқарылған жұмысы үшін 65 миллион теңге жалақы төлемеген. Осыған байланысты "Ақтілек Құрылыс Компаниясы-2016" ЖШС жұмысшыларына қарыз болып қалған.
Басқарма қызметкерлері нысанға барды, түсініктемелер жүргізіліп, "Exclusive Constraction" ЖШС-тан биыл 22 мамырға дейін қарызын өтейтіні жайлы кепіл хат алынды", - деді Алматы әкімдігіндегілер.
Еске сала кетейік, осыған дейін құрылысшылардың "Алматы Аренаға" қарама-қарсы жолды жауып тастағаны жайлы хабарланған болатын. 10-ға жуық адам Момышұлы көшесіне шығып, барлық көлік құралы үшін жолды жауып тастаған. Ер адам жүргізушілерден дабыл бермеулерін сұрап, ары қарай өтуге тыйым салған. Ер адамдардың бұл қылығын ешкім түсінбеген.