22 қараша 2022 16:22

Алматы әкімдігі пәтер сатып алуға кеңес берілмейтін тұрғын үй кешендерін атады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматыда пәтер сатып алуға кеңес берілмейтін ТК тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда пәтер сатып алуға кеңес берілмейтін ТК тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктердің айтуынша, Желілерде құрылысқа қажетті рұқсат пакеттері жоқ тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді сату туралы хабарландырулар тарап жатыр.

Алматы қаласының әкімдігі толық құжаттаманың болмауына байланысты жылжымайтын мүлік сатып алу ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін ұсынды:

  • KHAN клуб үйі - Бостандық ауданы, Витебская к-сі, 44/3, 44а, СЖТ - бар, жоба эскизі - жоқ.
  • ​Castle Rock ТК - Бостандық ауданы, Ерменсай ы/а, Көлсай к-сі, 31/3, СЖТ, жоба эскизі - жоқ
  • Rich клуб үйі - Бостандық ауданы, Мирас ы/а 24/1, 24/2, 25/5, СЖТ - бар, жоба эскизі - жоқ
  • Esentai Terrace клуб үйі (бұрынғы Pine Hill резиденциясы) Медеу ауданы, 2-көше, 33 учаске, СЖТ - бар, жоба эскизі - жоқ
  • Alma Garden клуб үйі - Медеу ауданы, 6-көше, 7, 9 учаскелер, СЖТ, жоба эскизі - жоқ.
  • Chelsea Club House клуб үйі - Медеу ауданы, Таулы қырат, Сызғанов/Шукшин көшелері, СЖТ, жоба эскизі - жоқ.
  • "Цюрих" ТК - Наурызбай ауданы, Сейітбеков к-сі 18, 18А, 18Б, СЖТ, жоба эскизі - жоқ.
  • Flora ТК - Наурызбай ауданы, Тастыбұлақ ы/а, Таутаған көшесі 6, 8,10. СЖТ, жоба эскизі - жоқ
  • Lantana ТК - Наурызбай ауданы, Үлкен Алматы ауылдық округі. СЖТ, жоба эскизі - жоқ.

"Салынып жатқан тұрғын үй кешендері құжаттарының бар-жоғын қала құрылысын бақылау басқармасының сенім телефоны - 8 (727) 229-81-36 арқылы білуге ​​болады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети