1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы әкімдігі Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы мәліметке байланысты видео жариялады 18 қаңтар 2021, 16:00

Алматы әкімдігінің өкілдері қалалық жайлы орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат аясында фото және видео жариялады,
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы әкімдігінің өкілдері қалалық жайлы орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат аясында фото және видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өздеріңіз көріп отырғандай, мен жұмыстамын. Бүгін таңертең әкім аппараттық кеңес өткізді. Бірқатар тапсырма берілді. Мен жұмыс орнындамын... Мені ешқайда шақырған жоқ, ешкім ештеңе айтқан жоқ. Жұмыс жалғасып жатыр", - дейді видеода Сапар Нұрашев.


© Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еске салайық, мұның алдында Антикор Сапар Нұрашевтың ұсталғанын хабарлаған еді. БАҚ мәліметінше, шенеунік қаладағы модульді инфекциялық аурухананың құрылысына бөлінген миллиардтаған қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген.

Бірақ кейін қала әкімінің баспасөз қызметіндегілер Нұрашевтың ұсталғаны туралы мәліметті жоққа шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!