24 сәуір 2020 11:33

Алматы әкімдігі сұлулық салондарының қызметіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pexels.com Фото: pexels.com

Елдегі эпидемиологиялық жағдай дұрысталған кезде сұлулық салондарының қызметіне рұқсат беру мәселесі қаралады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елдегі эпидемиологиялық жағдай дұрысталған кезде сұлулық салондарының қызметіне рұқсат беру мәселесі қаралады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, бүгінде Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың сұлулық индустриясы нысандарының қызметіне тыйым салды.

"Карантин кезінде сұлулық салондары қауіп-қатер объектілері болып саналады. Қызмет көрсету ерекшелігінің өзі (шаш қию, сәндеу, шашты бояу, маникюр және тағы басқасы) шебер мен клиент арасындағы өте жақын (1 метрден кем) және ұзақ (30-40 минут және одан көп) байланысты қарастырады. Шебер ауырған жағдайда барлық клиент жақын байланыс тізіміне кіреді және айналасына қауіп төндіреді", – делінген хабарламада. 

Әкімдіктегілер карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын тағы да ескертеді.

"Санэпидқызмет органдары тарапынан бақылау күшейтіледі. Осындай бұзушылықтың барлық фактілері туралы аудандық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына немесе тікелей Алматы қаласы департаментіне хабарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети