25 қыркүйек 2015 | 15:25

Алматы әкімдігі трамвай жолымен автомобильдердің жүруіне тыйым салуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шоқан Алқабаев © Шоқан Алқабаев

Алматы әкімдігі трамвайға арналған жолда басқа көліктердің жүруіне тыйым салу мәселесін міндетті түрде қарау керек деп есептейді. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Дәурен Әлімбеков Tengrinews.kz тілшісінің арнайы сауалына жауап бере отырып хабарлады. Сауал 17 автомобильдің зардап шегуіне әкелген, 21 қыркүйектегі жол-көлік оқиғасының төңірегінде қойылған болатын.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі трамвайға арналған жолда басқа көліктердің жүруіне тыйым салу мәселесін міндетті түрде қарау керек деп есептейді. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Дәурен Әлімбеков Tengrinews.kz тілшісінің арнайы сауалына жауап бере отырып хабарлады. Сауал 17 автомобильдің зардап шегуіне әкелген, 21 қыркүйектегі жол-көлік оқиғасының төңірегінде қойылған болатын.

Әлімбеков қазіргі уақытта апат дерегі бойынша "Алматыэлектротранс" ЖШС ішкі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын айтты. Соның нәтижесіне бойынша жүргізуші мен кәсіпорынның тиісті өкілдеріне шара қолданылады. Әлімбеков жүргізушінің барлық талапқа сәйкес болғанын да айтты. Әкімдік өкілінің айтуынша, трамвайлардың жүру ережесін қайта қарау керек.

Әкімдіктегілер ескірген трамвайларды ауыстыру мәселесіне қатысты да пікір білдірді. "Қалалық қоғамдық көліктің бұл түрінің ескіргені рас. Осыған байланысты қалалық әкімдік жетілдірілген транспорт құрылысының жобасын қарастырып жатыр. Қазіргі уақытта инвестор тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан да трамвайларды жаңарту маңызды емес деп ойлаймыз", - деді шенеунік.

Айта кетейік, жол-көлік оқиғасына түсінік бере отырып "Алматыэлектротранс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері трамвайды көлік кептелісі болғандықтан оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері келіп, трамвайды жолдан жылдам алуды сұрағанын айтып берген болатын. Олардың айтуына қарағанда, жүргізуші қоғамдық көлікті жолдан жылдам алып тастау мақсатында дөңгелектегі блокты ықтиярсыз түрде алып тастап, трамвайды көлік аз жерге жеткізбекші болыпты.

Кейін ІІД өкілдері Алматыда ірі жол апатына ұшыраған трамвайдың жүргізушілерінің көлік тежегішін полицейлердің талабы бойынша алып тастағаны жайлы мәліметті жоққа шығарды. Баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, трамвай жүргізушісінен ішкі істер органдарының қызметкерлері жолды босатуын сұрамаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети