21 тамыз 2015 13:48

Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ төрағасының орынбасары болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ербол Шорманов. © Tengrinews.kz Ербол Шорманов. © Tengrinews.kz

Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық компанияның ресми сайтында Шормановтың "Астана ЭКСПО - 2017" төрағасының орынбасары болып тамызда тағайындалғаны хабарланып отыр.

Ербол Шорманов Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары қызметінен 17 тамызда кеткен болатын. Алайда оның жаңа қызметі туралы мәлімет болмаған еді. Ербол Шорманов 1968 жылдың 20 тамызында Алматыда дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын 1991 жылы бітірген.

Ол 2009 жылдың 25 ақпанынан бері Алматы әкімінің орынбасары қызетінде болып келген. Бұл қызметте ол қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, көріктендіру, абаттандыру, табиғатты пайдалану және экология, энергетика, өндіріс, сауда, шағын кәсіпкерлік, санитарлық-эпидемиологиялық мәселелеріне жауапты болды.

Үйленген (әйелі - Фишман Оксана Леонидовна), баласы бар (Шорман Арсен, 2007 жылы дүниеге келген).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети