15 ақпан 2017 22:01

Алматы әуежайы Универсиада-2017 ойындары кезінде 470-ке жуық рейске қызмет көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматы Халықаралық әуежайының Мәдениет үйінде 28-ші қысқы Универсиадасының қорытындысына арналған жиналыс өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматы Халықаралық әуежайының Мәдениет үйінде 28-ші қысқы Универсиадасының қорытындысына арналған жиналыс өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жиынға дайындық біраздан бері жасалған. "Ел мүддесі үшін айтулы шараның қонақтарын әуежайда қарсы алуға ерекше назар аударылды. Осындай деңгейдегі шараны өткізуде үлкен тәжірибесі бар әуежай өзіне тапсырылған тапсырманы толығымен орындап шықты", - делінген хабарламада.

Әуежайдың дайындығын бірнеше мәрте тексерілді, арнайы комиссиялар мен әр түрлі санаттағы үкіметтік және Алматы әкімдігінің өкілдері тексерді. Тексеріс нәтижелері бойынша айтылған сын мен өтініштер толығымен ескеріліп, түзетілді. "Бұл әуежай өызметкерлерінің еңбегі. Әуежайда Универсиадаға арналған арнайы штаб құрылды, еріктілер жұмыс істеді. Әуежайдағы барлық арнайы қызметтердің ширақ әрі тиянақты жұмысының арқасында аз уақыттың ішінде Универсиада қонақтарын халықаралық деңгейде күтіп алдық. 2017 жылдың 20 қаңтар мен 12 ақпан аралығында Алматы Халықаралық әуежайы 28-ші қысқы Универсиаданың келген қонақтарына 470-ке жуық ұшып келу мен ұшып кету рейстеріне қызмет көрсетілді. Чехия мен Ресейден ұшып келген арнайы чартерлік рейстеріне де қызмет көрсетілді", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, әуежайдың арнайы қызметтері мен бөлімдері күшейтілді, ГА академиясының студенттері мен Шекара қызметі әскери институтының курсанттары тартылды. Кинологтар жасағы мен ІІД-нің көліктегі полицейлер қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етті.  

Айта кетейік, Алматыда өткен 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017 қорытындылары туралы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы баяндады. Универсиада-2017 көрсетілімі EUROSPORT 1 және 2, CBS (АҚШ), CCTV (Қытай), KBS (Оңтүстік Корея), Матч-ТВ (Ресей), Eurosport Asia-Pacific (Австралия және Океания) арналарынан 80 елде 1 миллиард телекөрермендік аудиторияға көрсетілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети