04 қараша 2020 15:53

Алматы әуежайына баратын айналма жол көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов ©/Tengrinews Фото: Тұрар Қазанғапов ©/Tengrinews

Алматы қалалық мобильділік басқармасы Бұқтырма көшесіндегі айналма жол салынып жатқан уақытта әуежайға қандай жолмен баруға болатынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы қалалық мобильділік басқармасы Бұқтырма көшесіндегі айналма жол салынып жатқан уақытта әуежайға қандай жолмен баруға болатынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Басқарма мәліметінше, 2020 жылғы 5-10 қараша аралығында Рысқұлов және Сүйінбай даңғылдары, әрі Шемякин және Майлин көшелерімен жүруге болады.

Ал 10 қарашадан бастап Бұқтырма көшесінің солтүстік-шығысына қарай уақытша айналма жолмен жүруге рұқсат беріледі. Қазіргі таңда мұнда дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда әуежайға баратын жол 2021 жылдың 1 маусымына дейін жабық болатыны хабарланған еді. Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл жағдай Бұқтырма көшесінің Құлжа тасжолы қиылысындағы жол айрығының салынуымен байланысты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети