ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қазан 2018 | 13:10
Алматы әуежайында "кепілдегілер" босатылды
ҚР Терроризмге қарсы орталығының бастауымен Алматы қаласының Халықаралық әуежайының аумағында "Дабыл-Антитеррор-2018" республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу бүгін, 17 қазанда өтті.
"Міндеттерді пысықтау шеңберінде Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының бөлінген жедел топтарының дайындығы, сондай-ақ олардың өзара іс-қимыл жасау деңгейі тексерілді. Әуежай қызметтерімен бірлесіп, көлік объектілерінде кепілдегілерді босату және террористерді залалсыздандыру бойынша арнайы операция жүргізу кезіндегі іс-қимыл алгоритмі қосымша пысықталды", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, кеше Терроризммен күрес жөніндегі штаб Алматы тұрғындарын ескерткен болатын. "Тұрғындардан алдағы іс-шараларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтап, қозғалыс бағытын алдын ала реттеп, мемлекеттік орган қызметкерлері қойған заңды талаптарды орындауын сұрайды. Қоғамдық тәртіпті сақтамағандардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз", - деп хабарлаған еді қалалық терроризммен күрес жөніндегі штаб өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также