16 қазан 2018 11:33

Терроризммен күрес жөніндегі штаб Алматы тұрғындарын ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі штаб Алматы халықаралық әуежайының аумағында терроризмге қарсы жоспарлы оқулардың өтетінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі штаб Алматы халықаралық әуежайының аумағында терроризмге қарсы жоспарлы оқулардың өтетінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Штаб өкілдерінің мәліметінше, құқық қорғау органдарының өкілдері террорлық қауіп пайда болған жағдайда қалай әрекет ету керектігі бойынша жұмыс істеп жатыр.

Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі штаб халықаралық әуежай мен оның аумағында оқу-жаттығулар өтіп жатқан кезде шектеулер қойылатынын хабарлайды.

"Осыған байланысты тұрғындардан алдағы іс-шараларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтап, қозғалыс бағытын алдын ала реттеп, мемлекеттік орган қызметкерлері қойған заңды талаптарды орындауын сұрайды. Қоғамдық тәртіпті сақтамағандардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз", - деп хабарлады Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі штаб өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети