Алматы әуежайында "кепілдегілер" босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайында "кепілдегілер" босатылды © ҚР ҰҚК

ҚР Терроризмге қарсы орталығының бастауымен Алматы қаласының Халықаралық әуежайының аумағында "Дабыл-Антитеррор-2018" республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оқу-жаттығу бүгін, 17 қазанда өтті.

"Міндеттерді пысықтау шеңберінде Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының бөлінген жедел топтарының дайындығы, сондай-ақ олардың өзара іс-қимыл жасау деңгейі тексерілді. Әуежай қызметтерімен бірлесіп, көлік объектілерінде кепілдегілерді босату және террористерді залалсыздандыру бойынша арнайы операция жүргізу кезіндегі іс-қимыл алгоритмі қосымша пысықталды", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, кеше Терроризммен күрес жөніндегі штаб Алматы тұрғындарын ескерткен болатын. "Тұрғындардан алдағы іс-шараларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтап, қозғалыс бағытын алдын ала реттеп, мемлекеттік орган қызметкерлері қойған заңды талаптарды орындауын сұрайды. Қоғамдық тәртіпті сақтамағандардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз", - деп хабарлаған еді қалалық терроризммен күрес жөніндегі штаб өкілдері.

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +17
Астана +17
Ақтау +24
Ақтөбе +20
Атырау +24
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +20
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +18
С
Семей +19
Т
Талдықорған +19
Тараз +20
Түркістан +23
О
Орал +15
Ө
Өскемен +20
Ш
Шымкент +19

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер