20 желтоқсан 2019 16:02

Алматы әуежайында Шыңғыс Айтматовтың күйеу баласы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайында қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың күйеу баласы Сырғақ Кенжебаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қырғызстандық экс-депутаттың әйелі Шырын Айтматова Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Кенжебаев 20 желтоқсанға қараған түні жоғалып кеткен. Одан ешқандай хабар болмаған.

Осыған байланысты Шырын Айтматова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.

Кейінірек Айтматованың күйеуінің Алматыда ұсталып, Бішкекке жіберілгені белгілі болған.

Қырғызстанның ІІМ өкілдері Бішкек тұрғыны Виктор Гавришевтің Сырғақ Кенжебаевқа шағымданғанын мәлімдеді. Ер адам 2013 жылы Кенжебаев арқылы ұлы Егор Гавришевке қатысты қозғалған істі тоқтатып тастағанын айтқан.

"Объектив тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Кенжебаевтың ережебұзушылықтары ІІМ сотқа дейінгі тергеу өндірісіне материалдарына енгізілді. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети