27 қазан 2017 15:46

Алматы ауруханасында сәбилер қайтыс болды деген ақпаратқа қатысты түсінік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Narkozzz.ru © Narkozzz.ru

Алматының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бесінші қалалық ауруханадағы төтенше жағдай туралы қауесет жайында пікір білдірді. Ғаламторда бұл ауруханада наркоздан бірден үш сәбидің көз жұмғаны туралы ақпарат тараған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Басқарма өкілдері бұл қауесетті жоққа шығарып отыр. "Мен таңданып отырмын. Жаңа ғана дәрігерден шықтық. Аденоидтарды кестіріп алып тастау бойынша операция алдында қан тапсырдық. Дәрігердің жүйкесі жұқарып, осындай операцияны жасау кезінде наркоздан үш балақайдың көз жұмғанын айтады. Бесінші жақ-бет ауруханасы. БІздің дәрігердің мазасы жоқ, у-шу, жиындар (...)", - дейд әйел қазақстандық форумдардың бірінде. 

Tengrinews.kz тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасына осы мәселе бойынша хабарласқан еді. Басқарма өкілдері бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. 

"Бұл жалған ақпарат. Бесінші ауруханада аденоидтарды кесіп алып тастау бойынша операция кезінде соңғы бес жылда бірде бір пациент көз жұмған емес", - дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Ләйлә Кеңесбаева. 

Еске салайық, жалған ақпарат таратқан адам алты жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети