04 тамыз 2015 | 17:10

Алматы балабақшасындағы ТЖ: Іс ымыраға келумен шешілген жағдайда айыпталушы ең көбі 2,5 жылға сотталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Роза Есенқұлова © Роза Есенқұлова

Қазақстанға белгілі адвокат Джохар Өтебеков Алматы балабақшасындағы жол-көлік оқиғасына кінәлі Татьяна Семченконың процессуалдық келісім алған жағдайда ең көбі 2,5 жылға сотталатынын, ол жазасын шартты түрде өтеуі де мүмкін екендігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға белгілі адвокат Джохар Өтебеков Алматы балабақшасындағы жол-көлік оқиғасына кінәлі Татьяна Семченконың процессуалдық келісім алған жағдайда ең көбі 2,5 жылға сотталатынын, ол жазасын шартты түрде өтеуі де мүмкін екендігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 20 мамырда сағат шамамен 12.00-де болды. Жүргізуші әйел, куәгерлердің айтуынша, артқа қарай жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылған. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Бүгін, 4 тамызда Әуезов аудандық сотында процесс басталды. Отырыста Семченко бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданбауды өтінді. Судья қаза тапқан қыздың және зардап шеккен балалардың ата-аналары жазған арызды оқыды, онда материалдық шығынның толық өтелгені жазылған және олар Семченкоға қатысты еш айып тақпайтындарын айтқан. Айыпталушы Татьяна Семченко сотта бар кінәсін мойындады және процессуалдық келісім жасасу туралы өтінішін мәлімдеді. Дегенмен адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасында ымыраға келу биылдан бастап қаралмайды.

"Өз кінәсін мойындағаны соттың күші мен уақытын үнемдейді. Бұл құқық қорғау органдары мен сотқа аса күрделі іспен айналысуға мүмкіндік береді", - деді Өтебеков. - Енді шешімді прокурор қабылдайды. Оның айыпталушының процессуалдық келісім туралы өтінішіне келісім беретіндігі белгісіз. 7 ай ішінде ҚР ҚПК кінәсін мойындағаннан кейінгі келісімдер жасалды. Әдетте мұндай жағдайда прокурорға келісім жасауға ештеңе кедергі емес".

Сонымен қатар, жаза мерзімі туралы келісім болмаған жағдайда сот келісімді қайта бекіту үшін прокурорға жібере алады. Қорғаушының айтуынша, сот шешімді келісім өндірісіне сәйкес қабылдаса, келісімде көрсетілгеннен ауыр жаза қолданылмайды.

"Қандай жаза қолданылса да, келісімді бекіткен жағдайда жазаны ең үлкен мерзімнің жартысынан асыра алмайды. Яғни, бұл жағдайда Семченко 2,5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін (ең көп жазаның жартысы). Тағы да айтамын, прокурордың келісімге келуін күту керек", - деді Өтебеков.

Еске сала кетейік, сот процессі қызқартылған тәртіппен өтуі мүмкін. Сот отырысы 10 тамызға қалдырылды.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети