Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматы балабақшасындағы ТЖ: Іс екі тараптың ымыраға келуімен аяқталуы мүмкін

04 Тамыз 2015, 11:45
0
Оқиға орны. © Роза Есенқұлова
Оқиға орны. © Роза Есенқұлова

Алматы балабақшасында болған төтенше жағдай екі тараптың ымыраға келуімен аяқталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әуезов аудандық сотының залынан. Еске сала кетейік, жол талғамайтын көліктің тізгінінде 46 жастағы әйел болған еді, ол балабақшаның қақпасына барып соғылды. 

Айыпталушы Татьяна Семченко сотта бар кінәсін мойындады және процессуалдық келісім жасасу туралы өтінішін мәлімдеді. Сонымен қатар, судья қаза тапқан қыз бен зардап шеккен балалардың ата-аналары жазған арызды оқыды, онда материалдық шығынның толық өтелгені жазылған және олар Семченкоға қатысты еш айып тақпайтындарын айтқан. Сондай-ақ, сотта айыпталушының диагнозы айтылды. Әйелдің онкологиялық диспансерде есепте тұрғаны мәлім болды.

Семченко бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданбауды өтінді. Екі тарапты тыңдаған судья отырысты 10 тамызға қалдырды.

Айыпталушы Татьяна Сенченко. © Роза Есенқұлова

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 20 мамырда сағат шамамен 12.00-де болды. Жүргізуші әйел, куәгерлердің айтуынша, артқа қарай жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылған. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін сот оны екі айға қамау тұралы санкция шығарды.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай