26 мамыр 2016 18:00

Алматы билігі тегін берілетін 10 сотық жердің жоқтығын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gotur.kz © gotur.kz

Алматы әкімдігіндегілер азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысына тегін жер учаскелерін беру мәселесіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жергілікті атқарушы органның мәліметінше, Алматы қаласы территориясында бос жатқан жер учаскелерінің жоқ болуына байланысты, қазіргі уақытта қалада жер учаскелерін жеке тұрғын үй құрылысына беру мүмкін емес.  

"Алматы қаласы Бас жоспарына сәйкес, Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылдың 20 қарашада бекіткен №284 шешімімен жеке тұрғын үй құрылысына жаңа аудандарды дамыту қарастырылмаған", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Жер кодексіне сәйкес, Қазақстан азаматтары жеке тұрғын үй құрылысына өз меншігіне тегін 10 сотық жер ала алады. 

Еске салайық, осыған дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері қазақстандықтарға жеке тұрғын үй құрылысына тегін 10 сотық жерді беру тәртібін түсіндірген болатын. Қазіргі уақытта тегін жер алу кезегінде 1 миллион 129 мың қазақстандық тұр екен. Министрліктегілер Қазақстан азаматтарының 10 сотық жерді тегін алуға құқы бар екенін еске салды. Алайда жергілікті атқарушы органдар коммуникация жүргізілген жағдайда ғана береді екен. 

Елімізде бұл норма қабылданғалы бері жеке тұрғын үй құрылысы жерлерін алуға 1 547 141 өтініш түсіпті. 2005 жылдан бастап қазақстандықтарға 417 949 жер учаскесі берілді: ОҚО - 81 190, Ақмола облысы - 40 147, Алматы облысы - 59 169, Маңғыстау облысы - 43 276. Астана мен Алматыда 10 жыл ішінде халыққа 1447 және 26 444 жер учаскесі беріліпті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети