Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматы дәрігерлері жақсы емі үшін 100 мың теңге сыйақы алатын болады

04 Желтоқсан 2014, 19:08
0
©almaty.tv
©almaty.tv

Алматы дәрігерлері жақсы емдегені үшін 100 мың теңге көлемінде сыйақы алатын болады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 

Келесі жылы қалалық денсаулық сақтау басқармасы жеке клиникаларға кетіп қалған дәрігерлерді оралту жөнінде ауқымды бағдарламаны іске асыра бастайды. Оларды қаражатпен ынталандыру көзделіп отыр. Арнайы сыйақы қоры құрылып, соның есебінен Алматының үздік дәрігерлері қолдау көрсетіледі. Мысалға, егер операцияны сәтті жасаса немесе науқасты қысқа мерзім ішінде емдеп шығарса, оның айлығына 100 мың теңге қосылады. 

"Келешекте, тағы да қайталаймын, мемлекеттік мекемелер Алматы дәрігерлері, медбикелер мен санитар қызметкерлер үшін материалдық тұрғыдан тартымды болады", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Жанат Қасымжанова. Айта кету керек, қазір қала ауруханалары мен емханаларында шамамен мың медицина жұмысшысы жетіспей жатыр. Негізінен, гинеколог, кардиолог, зертханашы мамандықтары бойынша кадр тапшылығы байқалады. 

Бұрын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова дәрігерлерге, әлеуметтік жұмысшылар мен мұғалімдерге еңбекақы төлеудің жаңа моделі туралы мәлімдеген еді. Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа моделі үш кезең бойынша іске асырылады. Біріншісі - 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап, еңбекақыны білімі, біліктілік деңгейі және лауазымы мен дәрежесіне қарай төлеу, екінші кезеңде еңбекақыны еңбектің соңғы нәтижесіне, ұсынылған қызметтің сапасына қарай төлеу жүйесін ынталандыратын компоненттер енгізіледі, яғни, айталық, Алматы дәрігерлері жалақыны көрсеткен қызметтерінің сапасына қарай алатын болады. Үшінші кезең - азаматтық қызметшілерге сараланған қосымша төлем төлеудің мақсаттылығын, қажеттілігін, мүмкіндігін оның сол өңірдегі нақты құнына қарай қарастыру.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай