20 сәуір 2015 17:24

Алматы ескерткіштеріне электронды информер орнатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыдағы ескерткіштер электронды жүйемен жабдықталады, - деп хабарлайды "Алматы". Қала тұрғындары мен қонақтары тарихи тұлғаның өмірбаянын арнайы бағдарлама арқылы біле алады.


Алматыдағы ескерткіштер электронды жүйемен жабдықталады, - деп хабарлайды "Алматы". Қала тұрғындары мен қонақтары тарихи тұлғаның өмірбаянын арнайы бағдарлама арқылы біле алады.

Сәуір айының соңында мегаполисте "Тірі тарихи есекрткіштер" жобасы басталады. Бағдарлама арқылы Алматыдағы ескерткіштер туралы ақпаратты смартфонға көшіріп алуға мүмкіндік туады. Мәңгі есте сақталатын тұлғалардың өмірбаяны қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде болады.

"Әзірше құрылғыны Абай, Шоқан Уәлиханов, Даңқ мемориалына орнату жоспарланып отыр. Енді мегаполис тұрғындары өз смартфондары арқылы әрбір тарихи тұлға туралы ақпаратты жеңіл ала алады. Мұндай жобалар қала қонақтарына Алматыны басқа қырынан тануға мүмкіндік береді деп ойлаймыз", - деді Алматы мәдениет басқармасының бас маманы Данияр Әлиев.

2015 жылы Алматы ескерткіштері қайта қалпына келтіріледі. Соның ішінде, Әліби Жангелдиннің ескерткішін жаңарту жоспарланып отыр. 2014 жылы Абай және Шоқан Уәлиханов монументтері қалпына келтірілді. Музей мен тарихи ғимараттарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, Алматыда республикалық және жергілікті маңызы бар 140-тан асатам ескерткіш бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети