Алматы кинотеатрлары QR-кодпен өткізу жүйесін енгізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы кинотеатрлары QR-кодпен өткізу жүйесін енгізеді Фото: elements.envato.com

Алматы кинотеатрлары Ashyq жобасына қосылуға ниетті. Ол бойынша қазақстандықтар қызыл, сары, көк, жасыл түстерге бөлінеді де, бірқатар мекемеге QR-код арқылы кіреді. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП сайтында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы кинотеатрлары Ashyq жобасына қосылуға ниетті. Ол бойынша қазақстандықтар қызыл, сары, көк, жасыл түстерге бөлінеді де, бірқатар мекемеге QR-код арқылы кіреді. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП сайтында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда жобаға 15 фитнес-орталық пен СПА және сауналар қатысып жатқаны хабарланды.

"Пилот жобаға мегаполистегі кинотеатрлар да қосылуға ниетті. Қазіргі кезде олар жеке қатысу алгоритмдерін әзірлеп, келушілер қосымшаға билеттерді онлайн сатып алу кезінде тіркелуі үшін механизмдерді талқылап жатыр. Олардың пікірінше, бұл шара кинозалға келушілердің барлығы үшін індетті жұқтыру қаупін төмендетеді", - деді Алматы қаласы ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева.

Ashyq қосымшасының жұмысына қатысты алматылық сауналардың бірінің директоры Марат Жылқыайдаров ойын бөлісті.

"Әрине, бастапқы кезде сұрақтар болды, бірақ біз әзірлеушілермен үнемі байланыста болдық, сұрағымызға жылдам жауап алып отырдық. Қазір қондырғы тез жұмыс істейді, келуші қосымшаны жүктегісі келмесе, біз оның ЖСН-ы арқылы статусын біле аламыз, процедураға бір минуттан кем уақыт кетеді", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін мекеме иелері мен олардың келушілері үшін пилот жоба ретінде іске қосылған жаңа Ashyq қосымшасы бойынша қазақстандықтарды қызыл, сары, көк, жасыл түстерге бөлетіні хабарланған еді. Адамдарды бірқатар мекемеге QR-код арқылы кіргізеді. Оның түсі адамның коронавирус жұқтырғанына және ПТР-анықтаманың бар-жоғына байланысты.

Осы тұста денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцина салғызған қазақстандықтардың жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-коды болатынын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети