Алматы көшелерін инвентаризациялауға және олардың тізімін жасауға 164,6 млн теңге жұмсалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мемлекеттік сатып алулар сайтындағы лот шартында жазылған. Алматы автокөлік жолдары басқармасы орналастырған хабарландыруда түгендеу шарасының 2015 жылдың желтоқсанында аяқталуы керектігі көрсетілген.

Хабарландыру 28 мамырда орналастырылған. Тапсырыстар 18 маусымға дейін қабылданады. Автокөлік жолдары басқармасының басшысы Владимир Меренковтың түсіндіруінше, көшелерді инвентаризациялау деген - олардың баланстық құнын анықтау. "Көшелерді, жолдар жүйесін қаржы басқармасының балансына беру үшін біз әрбір көшенің қандай көше екенін, қашан салынғанын, қашан жөндеу жүргізілгенін, ұзындығы қанша екенін, қандай көшелермен қиылысатынын білуіміз керек. Көшелер, өкінішке қарай, баланста емес", - дейді Меренков.
Осы басқарма басшысының орынбасары Манамша Дүрсінованың айтуынша, мұндай жұмыс Алматыда Тәуелсіздік алғалы тұңғыш рет жүргізілмек. "Жолдарды құжаттау ұзақ уақыт бойы жүргізілген жоқ. Бізде мәліметтер базасы жоқ", - дейді Дүрсінова. Енді әр көшенің өз төлқұжаты жасалатын болады.
"Бұл дегеніңіз - көшенің ұзындығы, кеңдігі, жабынының типі, қабатының қалыңдығы туралы мәліметтер. Сонымен бірге, арық жүйелерін, инженерлік құрылыстарын, жарықтандырылуын, белгілерін есепке алу", - дейді әкімдік өкілі. Дүрсінованың айтуынша, түзілген мәліметтердің бәрі электронды нұсқада жиналып, қала картасында қолданылатын болады.
Айта кетейік, Тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттандыру басқармасының жетекшісі Мамай Ахетовтің айтуынша, Алматыда 89 көшенің атауы жоқ. Жергілікті тұрғындар бұған қатысты өз ұсыныстарын білдіре алады. Қалада барлығы 2000 көше бар.