04 мамыр 2014 15:50

Алматының 90-ға жуық көшесінің атауы жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Алматыда 89 көшенің атауы жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының жетекшісі Мамай Ахетов айтты.


Алматыда 89 көшенің атауы жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының жетекшісі Мамай Ахетов айтты.

Оның сөзіне қарағанда, бұл көшелерге тұрғындармен ақылдасқаннан кейін атау берілмек. Берілетін атауларды жергілікті әкімдіктер тұрғындардың талқылауына ұсынатын болады. Содан кейін оны қалалық мәслихаттағы ономастика жөніндегі арнайы комиссия қарайды, нәтижесі республикалық ономастикалық комиссияның талқысына салынады. Атаулары қайталанатын 165 көшені де осындай рәсімдеу күтіп тұр.

Ахетовтің мәліметінше, қалада Абай атындағы төрт, Әуезовтің атында үш және Жансүгіровтің атында үш көше бар. "Бір атауды иеленген көшелер Алматының түрлі ауданында бар, бұл жайт шұғыл әрекет ету қызметтері мен тұрғындардың өзіне қолайсыздық туғызады. Мерекелік демалыстан соң біз бұл көшелерге берілуі ықтимал атауларды талқылауға кірісеміз. Жиын барысында жергілікті тұрғындарға бірнеше нұсқа ұсынылады. Алматыда 50-ге жуық көшенің атауы ескірген. Мысалы, Революционная, Краснодарская, Красноармейская, тағы басқа. Олардың атаулары да комиссияның талқысына ұсынылады. Мұның бәріне бір айға жуық уақыт керек", - дейді Ахетов.

Басқарма бастығы "қалада бір көшенің атауын өзгерту үшін миллион теңгеге жуық қаржы қажет" деген қауесетті жоққа шығарды. Дегенмен ол бұған қанша қаржы кететінін нақтыламады. Ахетовтің айтуынша, ономастика жөніндегі комиссия құрамына айтулы тарихшылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері кіреді. Қалалық әкімдік соғыс ардагерлері, мәдениет пен өнердің көрнекті қайраткерлері ұрпақтарының ұсыныстарын қарауға да әзір. Айта кетейік, Алматыда барлығы 2000-ға жуық көше бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети