Informburo.kz шығарушы редакторы Дана Круглова Алматы облысы Қызыл Ту ауылының маңындағы әуе апаты салдарынан қаза тапты.
"Бұл ұшақпен баруы белгісіз еді, себебі Алматыда жоспарланған жұмыстары болатын. Бірақ Дана Жаңа жылды Нұр-Сұлтанда ата-анасымен қарсы алуды қалап, осы рейспен ұшуға шешім қабылдады", - деп жазылған Informburo.kz сайтында.
Дана Круглова. © informburo.kz
Дана Круглова 1984 жылы 8 сәуірде туған. 2016 Informburo.kz сайтына тілші болып жұмысқа кірген. 2019 жылдан бері порталдың шығарушы редакторы болып қызмет атқарған.
Tengrinews.kz Дананың отбасына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтады.