11 наурыз 2021 18:27

Алматы мектептерінде карантин талаптары күшейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы мектептерінде қаладағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы Tengrinews.kz жолдаған ресми сұрауда жауапта қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.


Алматы мектептерінде қаладағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы Tengrinews.kz жолдаған ресми сұрауда жауапта қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Оның айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, балалар мен мектеп қызметкерлері коронавирус жұқтыруын тоқтатар емес. Бекшин оқу жылының басынан бері Алматыда 906 оқушы коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Оның 18 пайызы - офлайн форматта, ал 82 пайызы - қашықтық оқып жатқандар.

"Бұл ретте қаңтар-наурыз айларында Алматы мектептеріндегі КВИ жағдайының жалпы 55 пайызға жуығы оқушылар арасында тіркелді. COVID-19 оқушылар мен оқытушылар арасында тіркелгенін ескере отырып, қала мектептерінде шектеу іс-шаралары жалғасады.

"COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматы Білім басқармасына қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін сыныптарды 25 адамға толтырмау туралы хат жолдады. "Қызыл аймақта" болғанда бір сыныпқа 15-тен артық оқушы жинақталмайды", - деді Бекшин.

Ол эпидемиологиялық ахуал тұрақтанса шектеу шараларын әлсіретуге болатынын атап өтті. Сондай-ақ, осы жағдайда тұрғындар арасында коронавирусты таратпау жөніндегі қалалық комиссия мектептерде оқуды қайта бастау мәселесін қарастырады. Бұл туралы ресми сайттарда хабарланады.

Айта кетейік, Алматыда 300-ге жуық оқушы контингенті бар мектептерде дәстүрлі форматта оқуға рұқсат етілді. Ал 1-ден 5-сыныпқа дейін (халықаралық мектептерде 1-ден 7-іші сыныпқа дейін) оқушыларды ата-ансы өтінішімен 25 адамға дейін аралас оқытуға рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, аптаның алты күні ішінде 9, 11, (12) сынып үшін аралас оқытуға рұқсат етілді: пәндердің 70 пайызы штаттық, 30 пайызы қашықтан оқыту режимінде (сыныпта 15 адамнан артық емес, "1-сынып - 1-кабинет" қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30 пайызынан артық емес болу, санитариялық-дезинфекция, маска тағу режимін күшейту).

Айта кетейік, 10 наурызда Алматы Қазақстандағы эпиджағдайды бағалау матрицасында "қызыл" аймаққа өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети