Алматы мен Астанадағы жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы мен Астанадағы жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҚазМұнайГаз" ЖҚБ диспетчерлік қызметі Аи-92 маркалы бензиннің 125 теңгеден 130-ға көтерілгенін растады. Сонымен қатар, Аи-95 маркалы бензин және дизель отыны да қымбаттады. Айта кетейік, Алматы мен Астанадағы басқа бекеттерде жанармай бағасы өзгерген жоқ.
Алматыдағы "ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекетінде бензин бағасы 1 қазанда, түстен кейін өзгерді.
Басқа жанармай құю бекеттерінде баға өзгерген жоқ:
Астанадағы жанармай құю бекеттерінде де дәл осындай жағдай болды. "ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттерінде жанармай қымбаттады.
Басқа жерлерде баға бұрынғыдай болып қалды.
© Тengrinews
Еске сала кетейік, ҚР энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда АИ-92/93 маркалы бензин бағасының 140-150 теңгеге жетуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.
4 қыркүйекте ҚР Үкіметі елдің отын нарығындағы тапшылықты болдырмау мақсатында АИ-92 маркалы жанар-жағар май бағасын мемлекеттік реттеу саласынан шығару бойынша шешім қабылдады. "ҚР Үкіметі елдің жанар-жағар май нарығындағы тапшылықтың алдын алу мақсатында АИ-92 маркалы жағар майдың бағасын мемлекеттік реттеу саласынан шығару бойынша шешім қабылдады", - деді Сағынтаев. Ол теңге бағамын еркіндікке жіберген соң "белгілі бір қиындықтар" туындағанын айтып өтті.
20 тамызда ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды.