НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУ. 19 НАУРЫЗ

Алматы мен Нұр-Сұлтан дәріханаларында парацетамол бітіп қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда дәріханаларда вирусқа қарсы дәрілер жоқ. Бірнеше күн ішінде тұрғындар парацетамол, аспирин және арбидолдың қорын сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда дәріханаларда вирусқа қарсы дәрілер жоқ. Бірнеше күн ішінде тұрғындар парацетамол, аспирин және арбидолдың қорын сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Провизорлар мұны елде карантин қайта күшейтілсе, азаматтар дәрісіз қалып қоюдан жасап жатыр деп түсіндірді. Оның үстіне дәрігерлер симптомсыз науқастарға осы дәрілерді ішуге кеңес берді. Сондықтан қазақстандықтар үйдегі дәріханасын толтыруға асыққан.

Жұрт дәріхана алдында кезекке тұрғанмен, құр қол кетеді.

"Вирусқа қарсы ештеңе жоқ. Мен "Амизон" сұрадым - жоқ. Маған сол керек еді. Парацетамол жоқ, аспирин жоқ. Ештеңе жоқ", - деп бөлісті сатып алушы.

Фармацевттердің айтуынша, дәрілер бүгін бітіп қалған. Олар дәріханала сөрелерін толтыруға уәде етті. Демалыс күндері карантин болған соң дәрі сатып алып үлгермепті. 

"Екі күн демалыс болды ғой. Біз тапсырыс бере алмадық. Ал бүгін бәрі әкелінеді", - деп сендірді дәріханадағылар.

"Егер бұрын біз күніне 50 парацетамол сатсақ, қазір 100-200, кейде одан да көп сатамыз. Бірнеше күннен бері дүрбелең болып тұр. Адамдар алып жатыр, үлгермейміз. Дистрибьютерлер де әкеліп үлгермейді. Сондықтан бізде де жоқ. Тапсырыс бердік, бірақ дәрілерді әкелеміз деген уәде бермеді. Бірақ ертең-ар күні жағдай реттеледі деген үміттеміз", - дейді Алматыда дәріхана меңгерушісі Бибигүл Әшірбаева.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанның бас дәрігері Сәуле Қисықова симптомсыз науқастарға үйде парацетамол және аспиринмен емделу керек дегеннен кейін қазақстандықтар жаппай дәрі сатып алуға кірісті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 500.67  course up  546.52  course up  6.04  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer