15 наурыз 2019 08:44

Алматы мен іргелес ауылдардың арасына жаңа автобустар қатынайды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© misk.org.kz © misk.org.kz

Талғардың тұрғындары енді Алматыға су жаңа үлкен автобустармен қатынайды, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Талғардың тұрғындары енді Алматыға су жаңа үлкен автобустармен қатынайды, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шағын қоғамдық көліктерге сыймай, жол азабын әбден тартқан халықты тасымалдауға үлкен автобустар берілді. Енді 203-бағыттың көліктері түгелдей ауыстырылады.

Осылайша Алматының автопаркі тағы да су жаңа әрі ыңғайлы автобустармен толығып отыр. Тасымалдаушылар қалаға жаңа 66 қоғамдық көлік әкелген. 10 автобус Талғар мен Алматы арасында қатынаса, қалғаны жетіспейтін бағыттарға жіберіледі. Сыйымдылығы үлкен жолаушылар көлігі 14-бағытпен де жүреді.

"Қазір тұрғындар Талғарға микроавтобуспен қатынап жатыр. Жолаушылар саны күн сайын артқандықтан, олардың орнына сыйымдылығы үлкен автобус жіберуді жөн көрдік. Жаңа автобустар өте ыңғайлы. Барлығы бейнебақылау камераларымен және Оңай жүйесімен жабдықталған", - дейді Алматы қаласы Мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети