07 қазан 2015 09:22

Алматы метросында жолаушылар тасымалы бойынша рекорд жаңарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Роза Есенқұлова © Роза Есенқұлова

Алматы метросында жолаушылар тасымалы бойынша рекорд жаңарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы метросында жолаушылар тасымалы бойынша рекорд жаңарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыркүйек айында метрополитен қызметін 1 013 704 адам пайдаланған. Бұл көрсеткіш метро ашылғалы бері болмаған. Ал тамыз айында 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 370 мыңға көп адам метромен жүріпті. Адамдардың көптігі оқу жылының басталуымен байланысты екені белгілі.  

Сонымен қатар, 2015 жылдың қаңтарынан бастап метромен 2 753 242 адам жүріпті, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп. 

Еске салайық, 2015 жылдың 18 сәуірінде "Сайран" және "Мәскеу" станциялары ашылған болатын. Мұнымен бірге, тереңде орналасқан "Сарыарқа" станциясы мен терең емес "Достық" станциясының құрылысы таныстырылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети