10 наурыз 2017 | 12:29

Алматы метросының сотталған экс-директорына рақымшылық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрат Өкшебаев. © Роза Есенқұлова Мұрат Өкшебаев. © Роза Есенқұлова

Алматы метросының бұрынғы директоры Мұрат Өкшебаевқа рақымшылық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Жоғарғы сотына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы метросының бұрынғы директоры Мұрат Өкшебаевқа рақымшылық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Жоғарғы сотына сілтеме жасап.

"Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының 2017 жылдың 31 қаңтарда шығарған шешімімен 2016 жылдың 13 желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай енгізілген рақымшылық заңына байланысты сотталған Өкшебаевтың қамау мерзімі 7 жыл 7 айдан - 3 жыл 9 ай 15 күнге қысқартылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Өкшебаевтың адвокаты кассациялық сотқа өтініш түсірген болатын. Ол онда Жоғарғы соттан сотталушының кінәсін ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы 4-бөлігі "б" тармағынан ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігіне ауыстыруды сұраған болатын. 

Сондай-ақ, адвокат тәркіленген мүліктің тізімінен Алматыдағы пәтерді, Алматыдағы көлікжайды, Астанадағы пәтерді, 2014 жылы шыққан Toyota Highlander көлігін, Алматыдағы жер учаскесі бар құрылысты, Алматыдағы жер учаскесі мен құрылысы бар тұрғын үйді алып тастауын сұраған еді.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 24 желтоқсанында Алматы метросының бұрынғы директоры Мұрат Өкшебаев 9 жылға сотталған болатын. Ол ақша жымқырды деген күдікпен ұсталған еді. Сондай-ақ, 2009 жылы Өкшебаев 120 миллион теңгені мақсатсыз жұмсағаны үшін әріптестерімен бірге үй қамауына алынған болатын. Алайда кейін Өкшебаев босатылып, жұмысына оралған. Соңғы кездері ол қала мәслихатының депутаты болып қызмет еткен. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети