13 шілде 2023 09:28

Алматы облысы әкімдігі автобустар "зиратына" қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:  Instagram ajupventure Фото: Instagram ajupventure

Алматы облысының әкімдігі Алматы іргесіндегі автобустар "зиратына" қаысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының әкімдігі Алматы іргесіндегі автобустар "зиратына" қаысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 2022 жылғы 22 қазандағы №4/547 қаулы бойынша 300 автобус Алматы облысына тегін берілгенін хабарлады. Автобустар жөндеуді қажет етеді, жартылай бөлшектелген.

"Қазіргі уақытта Алматы облысының әкімдігі өз тарапынан ақауларды анықтау, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстарын бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеуге болатын техникаларды облыс әкімдігі ретке келтіріп, маршруттарға шығарады. Тағы бір айтарым, біраз көліктерді жөндеп алдық, олар қазір бірнеше елді мекен арасында жүреді. Маусымның ортасында жаңа бағыттарды таныстырдық", - деді әкімдіктегілер.

Облыс әкімшілігі қалпына келтіруге болатын көліктерді алып жатқандарын қосты. Күрделі жөндеуден кейін олар маршруттарға шығады.



Еске салайық, бұған дейін алматылық бір жыл бұрын Алматы қаласының бағыттарына қатынаған жүздеген автобусты видеоға түсіріп алған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети