17 қараша 2022 08:09

Алматы облысында 12 жастағы оқушыны көлік қағып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Шелек ауылында 12 жастағы баланы көлік қағып кетті. Бала алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Алматы облысы Шелек ауылында 12 жастағы баланы көлік қағып кетті. Бала алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

"16 қарашада сағат 14:00 шамасында 34 жастағы "Honda Avancier" маркалы автокөлік жүргізушісі Шелек ауылы, Б.Момышұлы көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, аталған көшені жаяу жүргіншілер өткелімен солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өткен 12 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза болды", - делінген хабарламада.

Аталған факт ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети