01 сәуір 2021 | 09:51

Алматы облысында ауыл тұрғындары суды несиеге ішіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Ақжазық ауылының тұрғындары суды несиеге алып отыр. Ауылға бес жыл бұрын 1 миллиард теңгеден аса қаржыға су құбырын жүргізілген. Кейін тұрғындар ақшаны өздері қайтаруға мәжбүр болған, - деп хабарлайды "Евразия бірінші арнасы".


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Ақжазық ауылының тұрғындары суды несиеге алып отыр. Ауылға бес жыл бұрын 1 миллиард теңгеден аса қаржыға су құбырын жүргізілген. Кейін тұрғындар ақшаны өздері қайтаруға мәжбүр болған, - деп хабарлайды "Евразия бірінші арнасы".

Тұрғындардың айтуынша, ауыз судың сапасы өте нашар. Сүзгіден өткізуге де келмейді екен. Оның үстіне жақында несиеге жасалғанын білген.

"Бұл жағдай жалғаса берсе, көршілерімізбен бөлісе алмай қаламыз. Тариф өте қымбат - 174 теңге. Әкімге шағым да жаздық. Сол кезде суды 20 жылға несиеге жасағандарын білдік. Бұған дейін ешкім білмеген. Енді су бағасын 1 000 теңгеге дейін дейін көтермек. Олай болса, бізге ескі құдықтарды қайтарсын. Онда тіпті су да таза болатын", - деді ауыл тұрғыны Қайрат Дулатбаев.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, осыдан бес жыл бұрын ауданның төрт ауылына Ұлттық қор есебінен су құбыры жүргізілген. Жобаның құны - 1 миллиард 200 миллион теңге. Оның 178 миллионы Ақжазық ауылына арналған. Тек тегін емес, несиеге. Борышты бұған дейін жергілікті сумен жабдықтау ұйымы төлеп келген. Бірақ ол қарызға батқаннан кейін қарыз тұрғындарға жүктелген. Сондықтан да тарифті көтеруді ұсынған.

"Біз монополияға қарсы комитетке үш ауылдағы тарифке қатысты сауал жолдадық. Ақжазық ауылында - 996 теңге, Лесновка ауылында – 918 теңге және Педжим ауылында - 446 теңге. Бұл бір текше метр судың бағасы. Ақжазық пен Лесновка ауылдарының көлемі шағын болғандықтан, мұндағы тариф те қымбат", - деп түсіндірді сумен жабдықтау кәсіпорнының бас экономисі Назира Қасенқызы.

Табиғи монополияларды реттеу департаменті де жағдайға түсініктеме берді.

"Тұрғындардан өтініш түсті. Біз оны 90 жұмыс күні ішінде қарастырамыз. Департамент әлі шешім шығарған жоқ. Бұл жерде тарифті 2021 жылдың соңына дейін көтеру туралы мәселе қаралған жоқ. Егер келесі жылы осындай ұсыныс болса, онда шешу жолдарын қарастырамыз", - деп жауап берді Табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім бастығы Бақтияр Бақытжанұлы.

Телеарна тілшілерінің айтуынша, сумен қамтамасыз етудің барлық жүйесі несиеге алынған. Яғни, несие төленбесе, барлық жабдық қайтарып алынады.

"Жоба бюджеттік несиелеу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды. 20 жыл ішінде бюджетке салынған ақшаны қайтаруға тиіспіз. Келесі жылдан бастап тұтынушылар несие төлейді деп болжанып отыр. Бірақ бұл ауылда тариф басқаларға қарағанда жоғары. Бұл мәселені қарастырамыз және болашақта шешеміз", - деп уәде берді ауданның тұрғын үй-коммуналдық инспекциясы бөлімінің бастығы Арман Тазабеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети