02 сәуір 2021 12:39

Суды несиеге ішіп отыр: мемлекеттік органдар тұрғындар шағымына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Евразия бірінші арнасы" сюжетінен алынған "Евразия бірінші арнасы" сюжетінен алынған

Жақында Алматы облысы Панфилов ауданы ауылының тұрғындары су тарифі мәселесін көтерді. Сонымен қатар ауылға бес жыл бұрын 1 миллиард теңгеден аса қаржыға жүргізілген су құбырының қарыздарын өздері телеуге тура келетінін айтты. Бұл жағдайға қатысты Алматы облысының Энергетика және ТКШ басқармасы, сондай-ақ ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысындағы департаменті түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жақында Алматы облысы Панфилов ауданы ауылының тұрғындары су тарифі мәселесін көтерді. Сонымен қатар ауылға бес жыл бұрын 1 миллиард теңгеден аса қаржыға жүргізілген су құбырының қарыздарын өздері телеуге тура келетінін айтты. Бұл жағдайға қатысты Алматы облысының Энергетика және ТКШ басқармасы, сондай-ақ ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысындағы департаменті түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Таңекенов несие шарты бойынша өтеу мерзімі 2022 жылғы желтоқсанда басталатынын айтты.

"2016 жылы біз су және жылумен жабдықтау құрылысы үшін 20 жылға республикалық бюджеттен 0,01 пайызбен несие алдық. Қарыз алушы монополия субъектісі. Оның ішінде Панфилов ауданы бойынша төрт жобаны жүзеге асыруға 1,2 миллиард теңге бөлінді.

Егер сумен жабдықтау ұйымында несиені төлеуге мүмкіндік болмаса, кодекске сәйкес қарыз жергілікті бюджет қаражаты есебінен қайтарылады. Қалай болғанда да несие халықтың мойнына түспейді. Қарыз алушыда және "Панфилов су құбыры" МКК-де несиені өтеуге қаражат болмаған жағдайда қарыз жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Алматы облысында су тарифін көтеру мәселесі қарастырылмаған", - деп жауап берді ол.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, қолданыстағы тариф бойынша су текше метріне (ҚҚС-сыз): Ақжазық ауылында - 156,07 теңге, Лесновка ауылында - 138,68 теңге, Пиджим ауылында – 124,56 теңге.

Өңірлік Табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім басшысы Бақтияр Қамзиннің айтуынша, тарифтерді көтеру бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданбаған. Бұл ретте жыл соңына дейін тарифті көтеру жоспарда жоқ. 2022 жылға арналған шешім кейінірек қабылданады, деп қосты Камзин.

Алматы облысы ТКШ басқармасының өкілдері су сапасына талдау жүргізгендерін мәлімдеді. Олардың мәліметі бойынша, судың сапасы қолданыстағы санитарлық нормалар талабына сәйкес келеді.

Бұған дейін Алматы облысындағы Ақжазық ауылының тұрғындары "суды несиеге" пайдаланып отырғанын жеткізген болатын. Ол туралы толық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети