08 сәуір 2024 16:15

Алматы облысында ауылды су басты: Желіде видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы облысында Жібек жолы ауылын су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.


Алматы облысында Жібек жолы ауылын су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, түнде бірнеше көшені су алған. Алматы облысы әкімдігі жер асты суларының көтерілгенін хабарлады.

"Жібек жолы кентінің Қарасу, Ақдала, Ақсу, Ақ Жазық, Көкқайнар, Бөгенбай батыр, Баласаз, Жиделі көшелерінде жерасты суларының жиналу деректері анықталды. Қазір әкімдік қызметкерлері арнайы техника арқылы суару арықтарын қазып, суды сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде төрт шақырымнан аса арық қазылды", - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Әкімдік жағдай бақылауда деп сендірді. Зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, 30 наурызда Алматы облысында Ворошилов су қоймасының бөгеті жарылды. Соның салдарынан Жармұхамет өзенінің төменгі ағысындағы екі көл толып, нәтижесінде 12 мыңнан аса адам тұратын екі елді мекенді су басу қаупі төніп, кейбірі шұғыл эвакуацияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети