25 наурыз 2022 11:23

Алматы облысында ит өлексесін көлігіне байлап, сүйреген жүргізуші ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры: Instagram/@angry_taldyk Видео кадры: Instagram/@angry_taldyk

Алматы облысында ит өлексесін сүйреген жүргізуші ұсталды. Оқиғаның видеосы Желіде тараған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.


Алматы облысында ит өлексесін сүйреген жүргізуші ұсталды. Оқиғаның видеосы Желіде тараған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.

ПД мәліметінше, видео 24 наурызда Шамалғанда түсірілген. Жол талғамайтын "Тойота 4 руннер" көлігінің жүргізушісі 56 жастағы тұрғын  ұсталып, аудандық полицияға жеткізілген.

"Ер адам ит өлі болғанын және көліктер қозғалысына кедергі келтіріп, жолда жатқанын түсіндірді. Осыған байланысты жануардың өлексесін ауыл шетіне сүйреп апаруды ұйғарған. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың айғақтары тексеріліп жатыр. Қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сандугаш Дуйсенова (@angry_taldyk)

Бұған дейін Желіде Алматы облысында көлік жүргізушісі ит өлексесін сүйретіп жүргені түсірілген видео тараған болатын. Жазба авторының айтуынша, видео Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында түсірілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети